- Uluslararası Türk Dünyası Araştırmaları Dergisi
- Volume:4 Issue:2
- ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ХАЛҚЫНЫҢ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ХАЛҚЫНЫҢ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Authors : Gulder DOSSYMOVA
Pages : 77-86
View : 14 | Download : 20
Publication Date : 2021-04-01
Article Type : Research Paper
Abstract :Мақалада Түркістан облысы халқының демографиялық мәселелір қарастырылған. Қазақстан Республикасының өз егемендігін жариялауы қоғамның барлық саласындағы күрделі өзгерістерге алып келді. Атап айтқанда саяси институттардың жұмысындағы орын алған ерекшеліктерден бастап, күнделікті өмірдегі өзгерістер аралығын қамтыды. Осы ретте анағұрлым өзгерістер республиканың демографиялық жағдайында байқалды. Өзге ұлт өкілдерінің өз тарихи отандарына оралуы – азаматтардың жаппай көші-қон үдерісін күшейтті. Сонымен қатар бала туу көрсеткіштерінің құлдырауы және өлім-жітімнің көбеюі сынды жағымсыз жайттар орын алды. Мұның басты себебі ел экономикасының дағдарысты көрсеткіштері және азаматтардың әлеуметтік жағдайының күрт төмендеп кетуімен тығыз байланысты еді. Бұл ретте алдымен мемлекеттің демографиялық ахуалдарды оңтайландыру тұжырымдамасын, жол картасы мен осы бағыттағы шараларды дұрыс таңдап, қолдануын атап өтуіміз қажет.Keywords : Түркістан облысы, демография, , экономика,