- Uluslararası Türk Dünyası Araştırmaları Dergisi
- Volume:7 Issue:3
- ТҮРІК МЕМЛЕКЕТТІК ӘНҰРАНЫ – ИСТИКЛАЛ МАРШЫНА 100 ЖЫЛ
ТҮРІК МЕМЛЕКЕТТІК ӘНҰРАНЫ – ИСТИКЛАЛ МАРШЫНА 100 ЖЫЛ
Authors : Yergali Yesbossynov, Nurzhamal Kospaganbetova
Pages : 283-294
Doi:10.59182/tudad.1498345
View : 20 | Download : 34
Publication Date : 2024-07-31
Article Type : Review Paper
Abstract :Бірінші Дүниежүзілік соғыстың жалыны Осман түріктерінің мекені Анадолы жеріне де жеткен. Жаңадан құрылып жатқан Түркия Республикасы жан-жағынан тап берген жаумен күресуге мәжбүр. Азамат соғысы басталып кетті. Бұл соғыс ерекше қақтығыс болып Анадолы елінің ғана емес, бүкіл түркі жұрты үшін күреске айналды. Өзінен әлдеқайда басым, техникалық жағынан ұтымды жарақтанған әскери басқыншылыққа қарсы тұруға тура келді. Осындай алмағайып кезеңде Анадолы елінің рухын көтеріп, атын асқақтататын ұран керек еді. Ол - әнұран болатын. Көп кешікпей Ататүрік бастаған ел басшылары жаңа елдің жаңа әнұраны болуға тиіс деген шешімге келді. Сол дәуір түрік оқымыстылары мен танымал ақын-жазушылары маңызды жұмысқа кірісіп кетті. Солардың арасында Мехмет Акиф Ерсой да болды. Мемлекеттік комиссияға жолданған жүздеген ұсыныстардың ішінен Мехмет Акифтің Истиклал маршы менмұндалап алдыға шықты. Себебі ол көпшіліктің құлағына әп-сәтте сіңіп аз уақытта жас пен кәрінің, жарлы мен бай-манаптың күш-қуатын бір арнаға құятын құдыретті сөзге айналды. Қалың жұрттың көңілінен шықты. Мұнда діни наным-сенім мен ұлттық салт-дәстүр біріккендей болды, адами рух пен намыс-қайрат та осы сөзден көрінді. Жаңадан құрылған Түркия Республикасының халқына асқақ рух берді, тар жол тайғақ кешу заманында түрік қоғамын біріктіретін мызғымас күшке айналды. Бұл Акифтің гимні еді. Сол кезде осы өлеңнің жүз жылдан аса уақыт ішінде бірде-бір сөзі өзгермей сол қалпы асқақтата айтылатынын, мәңгілік әнұран болатынын ешкім болжамап еді.Keywords : Бірінші дүниежүзілік соғыс, Ататүрік, Мехмет Акиф, мемлекеттік гимн