- Milli Kültür Araştırmaları Dergisi
- Volume:2 Issue:1
- ТІЛАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАРДЫҢ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНІҢ ЛЕКСИКА- ГРАММАТИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫНА ЫҚПАЛЫ...
ТІЛАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАРДЫҢ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНІҢ ЛЕКСИКА- ГРАММАТИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫНА ЫҚПАЛЫ
Authors : Janna Tektigul
Pages : 44-49
View : 10 | Download : 8
Publication Date : 2018-06-28
Article Type : Research Paper
Abstract :Мақала түркі тілдерінің insert ignore into journalissuearticles values(оның ішінде қазақ тілінің); лексикалық және грамматикалық жүйесіндегі араб-парсы және славян кірме сөздерін, олардың бастапқы қолданылуы мен тілдегі даму жолдарын қарастырады. Тіларалық байланыстар лексика-грамматикалық бірліктердің қысқаруына, өзара орын ауыстыруына, еріксіз формальды айырмашылықтардың түсіріліп қалуына, флективті септеу жүйелері мен көмекші және басқа да процестердің ауыстырылуына алып келуі мүмкін. Мақсаты - лингвистикалық қарым-қатынастардың түркі тілдерінің лексика-грамматикалық құрылымына, оның деривативті жүйесіне ықпалын анықтау. Мысалы, қазақ тіліне bi- insert ignore into journalissuearticles values(бей-); «беймаза», na-insert ignore into journalissuearticles values(на-); «наразы» префикстері мен постпозититі - i insert ignore into journalissuearticles values(-и); немесе -ujinsert ignore into journalissuearticles values(-үи); парсы нисбетінің енгізілу себептерін анықтау.Көптеген зерттеушілер қазақ тілінде араб сөздерінің қолданылуын ислам дінінің таралуымен, Шығыс халықтарының діни мазмұндағы классикалық әдеби мұрасының ықпалымен байланыстырса, қазақтардың тұрмыстық лексикасында славян insert ignore into journalissuearticles values(орыс); сөздерінің белсенді қолданылуын Қазан төңкерісімен және Қазақстанның Ресейге қосылу нәтижесімен байланыстырады. Қазан төңкерісіне дейін славян-орыс сөздері қазақ тіліне халықтың ауызекі сөйлеу тілінің фонетикалық заңдылықтарына сәйкес бүтіндей өзгеріске ұшыраған, ал төңкерістен кейін енген барлық сөздер көп жағдайда тілдегі түпнұсқа тұлғасын сақтап қалған. Ал араб- парсы сөздерін қазақ тілінде игеру олардың фонетикалық, лексикалық және грамматикалық өзгерістеріне алып келеді. Олардың негізгілері: дыбыс немесе дыбыстардың түсіп қалуы, кейбір сөздердің бірнеше фонетикалық вариантта қолданылуы және т.б. Бір тілдің екінші тілге ықпалының алғашқы сатысы жекелеген лексемалар мен сөздердің ауысуымен шектелсе, уақыт өте келе процесс күрделене түскенін анықтауға болады, яғни тілге түрлі аффикстер, тіпті аффикстер жүйесі енетін дәрежеге жеткен.Keywords : кірме сөздер, түркі тілдері, қазақ тілі, славян тілі, орыс тілі